Log in Check in

Сағадат Нұрмағамбетов

Кеңес Одағының Батыры, Қазақстанның Халық Батыры, Қазақстан Республикасының армия генералы (1993), Қазақстан Республикасының бірінші Қорғаныс министрі (1992-1995)

 

  • Өмірбаян
  • Марапаттар
  • Мақалалар

 

ОТАНҒА АДАЛ ҚЫЗМЕТ ЕТУДЕ

Кеңес Одағының болашақ Батыры және Қазақстанның Халық Батыры, Қазақстан Республикасының армия генералы (1993) және Қазақстан Республикасының бірінші Қорғаныс министрі (1992-1995) Сағадат Нұрмағамбетов 1924 жылы 25 мамырда Ақмола уезінің Алексеевка болысы  Трудовое ауылында (Қазіргі Ақкөл ауданы, Ақмола облысы) дүниеге келген. Осы жерде жеті жылдықты бітіріген, кейіннен колхоздағы оқу-үйінің меңгерушісі болған.

Ал 1942 жылы тура мектеп партасынан Қызыл Армияға кетті және сол жерден Туркменстанға Кушка  қаласындағы әскери училищеге бағытталды.

Соғыс кезіндегі оқу ұзаққа созылмайтын, 1943 жылдың сәуір айында жас командир соғысқа кетті, онда ол 1945 жылдың мамыр айына дейін соғысты. Пулемет взвод командирі лауазымынан бастаған, ал соғысты 301-ші Донецк, II дәрежелі Суворов ордені, 5-ші соққы армиясының Берлин атқыштар дивизиясы құрамында 1052-ші атқыштар полкінің командирі лауазымында аяқтады.

Сағадат Қожахметұлы Краснодар өлкесін (РСФСР), Украина, Молдавия, Батыс Белоруссия, Польшаны азат етуге қатысты. 1945 жылдың 27 ақпанында Польша аумағында жаудың күшті нығайтылған қорғанысын бұзып шығу кезінде жауынгерлік тапсырмаларын үлгілі орындағаны, сонымен қатар көрсеткен ерлігі мен батырлығы үшін оған Кеңес Одағының Батыры атағы берілді (№5214 медаль).

Сағадат Қожахметұлы соғысты Берлинде аяқтады, онда оның батальоны Гитлер Рейхсканцеляриясының ғимаратын шабуылдауға қатысты, ал Жеңістен кейін Нұрмағамбетов басқарған бөлімнің жеке құрамы мемлекеттік маңызы бар маңызды объектілерді қорғау бойынша міндеттерді орындады.

1946 жылдың маусымынан 1949 жылдың қарашасына дейін Сағадат Қожахметұлы М. И. Фрунзе атындағы Әскери академияда оқыды. Оны аяқтағаннан кейін әр түрлі штаб және командалық лауазымдарда қызмет етті:

-Түркістан әскери округі штабының жедел басқару аға офицері,

– мотоатқыштар полкінің командирі,

– мотоатқыштар дивизиясы штабының бастығы,

– Қазақ КСР Азаматтық қорғаныс штабының бастығы,

– Орта Азия әскери округі әскерлері қолбасшысының орынбасары,

– Оңтүстік әскерлер тобы (Венгрия) қолбасшысының бірінші орынбасары.

Кеңес Армиясында оған генерал-майор (1964) және генерал-лейтенант (1972) әскери атағы берілді.

1989 жылы округ таратылғаннан кейін, Сағадат Қожахметұлы Қазақ республикалық Соғыс, Еңбек және Қарулы Күштер ардагерлері кеңесінің төрағасы, сонымен қатар Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесінің Қарулы Күштер ардагерлері мен мүгедектер істері жөніндегі комитетінің төрағасы болды. 1991 жылдың қазан айында Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығымен Сағадат Нұрмағамбетов Мемлекеттік қорғаныс комитетінің төрағасы, ал 1992 жылдың мамырында Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрі болып тағайындалды. Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерінде оған генерал-полковник (1992) және армия генералы (1993 жыл 5 мамыр) әскери атақтары берілді. 1994 жылы 23 мамырда Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығымен оған №1 «Алтын Жұлдыз» тапсырумен Халық Қаһарманы атағы берілді. 1995 жылдың қараша айында Армия генералы атағында отставкаға шықты, одан кейін Республика Президентінің кеңесшісі болды.

1999 жылы Астана қаласындағы «Жас ұлан» республикалық мектебі генерал Нұрмағамбетовтың есімімен аталды.

Сағадат Қожахметұлы 2013 жылдың 24 қыркүйегінде қайтыс болып, Алматы қаласының Кеңсай зиратында жерленген.

 

 

КСРО

Кеңес Одағының Батыры.

Ленин Ордені.

Қазан Төңкерісінің Ордені.

Қызыл Ту Ордені.

І дәрежелі Отан соғысы ордені.

ІІ дәрежелі Отан соғысы ордені.

Екі Еңбек Қызыл Ту ордені.

Екі Қызыл Жұлдыз ордені.

ІІІ дәрежелі «КСРО Қарулы Күштерінде Отанға қызмет еткені үшін» ордені.

«Құрмет Белгісі» Ордені.

«Жауынгерлік еңбегі үшін» медалі.

«Әскери ерлігі үшін. В. И. Лениннің туғанына 100 жыл толуына орай».

«КСРО Мемлекеттік шекарасын күзетудегі айырмашылығы үшін» медалі.

«Кавказды қорғағаны үшін» медалі.

«1941-1945 жж. Ұлы Отан соғысында Германияны жеңгені үшін» медалі.

«1941-1945 жж.Ұлы Отан соғысының Жеңісіне 20 жыл» медалі.

«1941-1945 жж.Ұлы Отан соғысының Жеңісіне 30 жыл» медалі.

«1941-1945 жылдардағы Ұлы Отан соғысының Жеңісне 40 жыл» медалі.

«Берлинді алғаны үшін» медалі.

«Варшаваны азат еткені үшін» медалі.

«КСРО Қарулы Күштерінің ардагері» медалі.

«Жауынгерлік достастықты нығайтқаны үшін» медалі.

«Тың жерлерді игергені үшін» медалі.

«КСРО Қарулы Күштеріне 30 жыл» медалі.

«КСРО Қарулы Күштеріне 40 жыл» медалі.

«КСРО Қарулы Күштеріне 50 жыл» медалі.

«КСРО Қарулы Күштеріне 60 жыл» медалі.

І, ІІ дәрежелі «Мінсіз қызметі үшін» медалі.

Қазақстан

Қазақстанның Халық қаһарманы.

Отан Ордені.

«Астана» медалі.

«Қазақстан Республикасының Қарулы Күштеріне 10 жыл» медалі.

«Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне 10 жыл» медалі.

«1941-1945 жылдардағы Ұлы Отан соғысының Жеңісне 50 жыл» медалі.

«1941-1945 жылдардағы Ұлы Отан соғысының Жеңісіне 60 жыл»медалі.

«Қазақстан Республикасының Қарулы Күштеріне 20 жыл»медалі.

Ресей

Достық ордені (1995 жылғы 24 тамыз)-Ресей Федерациясы мен Қазақстан Республикасы арасындағы әскери ынтымақтастықты нығайтуға сіңірген еңбегі үшін және 1941-1945 жылдардағы Ұлы Отан Соғысындағы Жеңістің 50 жылдығына байланысты.

Жуков медалі.

Украина

ІІІ дәрежелі «Еңбегі үшін» ордені (2010 жылғы 5 мамыр) — 1941-1945 жылдардағы Ұлы Отан Соғысындағы Жеңістің 65 жылдығына орай, Украинаны фашистік басқыншылардан азат етуде көрсеткен жеке ерлігі мен батырлығы үшін.

Богдан Хмельницкийдің III дәрежелі ордені (2004 жылғы 20 мамыр) — Украинаны фашистік басқыншылардан босатуға қатысқаны үшін, тату көршілік украин-қазақстан байланыстарын дамытуға жеке үлес қосқаны үшін және туғанына 80 жыл толуына орай.

Украина Президентінің Құрмет белгісі (1994 жылғы 23 тамыз) – Украина мен Қазақстан арасындағы өзара қарым-қатынасты дамытуға және нығайтуға қосқан елеулі жеке үлесі, 1941-1945 жж. Ұлы Отан Соғысы жылдарында Украинаны фашистік басқыншылардан босатуға белсене қатысқаны үшін.

«Отан Қорғаушысы» медалі.

«Украинаны фашистік басқыншылардан азат етуге 60 жыл» мерейтойлық медалі.

Басқа шетелдік марапаттар

1 дәрежелі семсерлі «9 қыркүйек 1944 жыл» ордені (Болгария).

Еңбек сіңірген Алтын Кресті (Польша).

ProMemoria медалі (Польша).

«Милитаристік Жапонияны жеңуге 30 жыл» медалі (Моңғолия).

Құрмет  атақтары

Нұр-сұлтан, Алматы, Донецк қалаларының Құрметті азаматы.

Дәуешұлы Е. Батырлығына адамгершілігі сай.-Арқа ажары.-2014.-17 шілде.-4б. View

 

Елеусізов М. Сағадат Нұрмағамбетов медалінің шоқтығы биік Арқа ажары.-2014.-9 тамыз.-3 б. View

 

Кенжетаев С. Орның ерекше еді, асыл дос.-Егемен Қазақстан.-2013.-2 қараша.-7б. View
Introduction