Log in Check in

Владимир Третьяков

журналист, жазушы, ақын

  • Өмірбаян
  • Видео

 

ӨЗІМ ТУРАЛЫ ЖӘНЕ ШЫҒАРМАШЫЛЫҒЫМ ТУРАЛЫ…

 

Жақсы жазушы-жақсы актер ретінде, өз әңгімесіндегі кез-келген кейіпкерге айналу өнерін біледі. Әрине, ол сюжетті көркем әдебиетпен безендіріп, кейіпкерлерінің бейнесінде өмір сүретіні туралы жазады. Кескін сенімді болуы үшін және эмоцияны ояту үшін сіз не туралы жазғаныңызды білуіңіз керек. Владимир Третьяков өзі туралы бәрін біледі және көптеген басылымдардың авторы ретінде өзінің өмірбаянын айтты.

Мен 1955 жылы 25 шілде күні таң ертең дүниеге келдім. Бұл күн таңқаларлықтай жылы болып, күн шуағын ерекше шашып тұрды, және бұның бәрі жай емес «бұл бала жәй бала емес, халықтың қуанышына туған бала» дегенді білдіретіндей еді. Шындығында, мен бірнеше экстремалды жағдайда тудым, ал егер өз сөзіммен айтатын болсам, балалардың басым көпшілігі сияқты перзентханада емес, Көкшетау қаласынан 30 шақырым жерде жатқан Троицкое ауылындағы үйдің төбесінде. Бұл фактіні қарапайым тілде түсіндіруге болады: ата-анам жидек жинауға барған, бірақ дәл осы күні мені дүниеге келеді деп есептемеген. Бұл сапарда олар кәсіби акушер Надежда Руденконы  бірге алған, соңыра ол менің кіндік шешем болды.

Менің анам, Вера Михайловна Третьякова туған кезде маған балалық шағында Көкшетау қаласында тұрған белгілі революционер Куйбышевтің құрметіне Валериан деп атамақшы болыпты. Бірақ менің әкем, Владимир Ильич Третьяков, біздің отбасында революционерлердің атын алып жүргендер көп деп, маған өз атын қойды (кім білген кейін Ресейде Владимир Владимирович  өте танымал болатынын).

Менің алғашқы шығармашылығым өте ерте шыға бастады, менің бала бақшадағы кезімде. Тәрбиешілер Володя өзінің айналасында балаларды жинап, оларға бірдеңе айтса, онда жақын арада демалып, шай ішуге болады деп айтатын. Мен сол кезде өз құрдастарыма не жайлы айтқаным қазір есімде жоқ, бірақ сол кезде менің айналамдағы тыныштықты үлгілі – көрнекі деп атауға болады.

Кейінірек, № 2 мектепте оқыдып жүрген кезімде, мен орыс тілі мен әдебиетінен сабақ беретін Зинаида Константиновна Петрованың көзіне түстім. Бірінші пән бойынша «ұлы және күшті»  жазу ережелеріне немқұрайлы қарауымнан менде нық «үштік» болатын. Сол кездері мен қабырға газетіне жазбалар жазатынмын, олардың арасында өткізілген спорттық жарыстар туралы есеп бөлек болатын.

Содан кейін бұл құбылыс туралы мен көпке дейін ұмытып кеттім, мектепте бірнеше жылдар бойы тарих пәнінің мұғалімі болып жұмыс істедім, ал тағдырдың сынағы 1994 жылы болды.

Сол кезде тағдыр мені «РИСК-Бизнес» газетінің негізін қалаушы Александр Катюховпен  таныстырды, мені жаңа басылым үшін қалалық жаңалықтар топтамасын жасауды сұрады. Сол күні кенеттен сыныптасым Борис Крамаренкомен кездесіп қалдым. Әңгіме барысында «картада жоқ, бірақ біз бір кездері дүниеге келген» әлде бір қала бейнеленген әңгіме жазу идеясы пайда болды.

Борис содан кейін авторлық идеялардан жасырын бас тартты, ал маған бұл идея өте қызықты болды. Осылайша, магнит сияқты түрлі таңғажайып оқиғаларды өзіне тартатын шағын провинциялық Колдобин қалашығының тарихы пайда болды. Атап айтқанда, қаланың ең үлкен шалшығында тарихқа дейінгі аусыл пайда болды. Кейінірек бұл мәтін «Провал операции «Мезгунь»  повесіне өзіндік  пролог болды. Одан кейін «Туча», «Облако», «Последнее приключение Хоттабыча», «Кот Ричард – спаситель мира» және Возрождения көшесі №47 үй тұрғындары туралы әңгімелер сериясы жазылды.  Бұның барлығы – колдобин циклы.

Төрт детективтік повестерді біріктіретін тағы бір цикл шартты түрде «Незаконченные дела» деп аталады, ал басты кейіпкер үнемі қарапайым қылмыстар шеңберінен шығатын жұмбақ нәрселермен  кездеседі.

Жазуды бастаған кезде тоқтау қиын. Өткен ғасырда «Возвращение на Обитаемый остров» повесі басталды, және бұл нәрсе бойынша жұмыс басталды, ол ағайындылар Стругацкихтардың «Обитаемый остров» повесінің жалғасы болды,  баяу ритмде жүріп, жалпы алғанда, шамамен 15 жылды қамтыды. Ал тағы бір сиквел – «Марсианские тайны», сол ағайындардың «Стажеров»  толықтыратын, бір апта ішінде бір деммен  жазылған.

«Планеты «Сирены» және «Остаться или уйти» жазу біраз уақытты алды. Осы екі фантастикалық повесть алдымен баста анық пайда болды, және тек компьютер клавиатурасында оларды басып шығару ғана қалды.

Ертегі туралы бөлек айту керек. Олардың біріншісі – «Дом», аттас телехабар пайда болғанға дейін проза түрінде жазылған, әрине, оған ешқандай қатысы жоқ. Бірде  мен осы ертегіні сахнадан оқыдым, содан кейін маған ақырын ғана айтты, егерде оны ырғаққа келтіріп оқысаң  өте қызықты шығар еді.  Осы ескертуден кейінгі апта менің өмірімдегі ең қызба және мазасыз болды. Мен  ырғаққа келтіретін сөздерді табудан басқа еш нәрсе ойлаған жоқпын.  Ал, көзге көрінбейтін біреу мені қамшылап күш беріп, шабыттандырған сияқты болды.

Соңында, соңғы жол жазылған кезде, мен жеңіл дем алдым.

Басқа екі ертегі – «Ехали медведи…» және «Сказки о рыбаке и золотой рыбке» заманауи нұсқасы,  кейінірек және бұған дейін мені итермелеген адам сияқты тыныш жазылған, енді жұмыстың соңғы нәтижесіне сенімдімін.

2015 жыл менің шығармашылығым үшін маңызды жыл болды:  «Тучи» оқып болғаннан кейін Стрельбицкийдің киевтік баспасы ұзақ мерзімді шарт ұсынды, содан кейін менің барлық шығармаларым көпшілік оқырман үшін электрондық кітап түрінде қолжетімді болды, оларды барлық интернет – дүкендерден табуға болады.

Болашаққа жоспар?  Бірде маған «Клад бунтаря» көркем фильміне сценарий жазуға тура  келді, онда Сандықтау ауданының тауларында жасырылған  Пугачевтің  қазынасын  іздеу туралы сөз қозғалды. Сонымен фильм түсірлмеді, ал одан кейін мен сценарийді толық қанды повестке айналдыруды шештім. Бірақ бұл жеке перспективада болады, ал қазірге  «Дети Солнца» деген жұмыстық атпен кезекті фантастикалық әңгіме жазу жұмысы жүріп жатыр. Онда не айтылады – әзірге құпия, бірақ бұл оқиға менің ұраныма сәйкес қатаң жазылған: не өте жақсы білетінің жайлы, не болмаса ешкім білмейтін туралы жазу қажет.

Владимир Третьяков

 

«Кокшетау – земля поэтов»  байқауының лауреаты

Көкшетау қаласының 125 жылдығына арналған әдеби конкурстың лауреаты

Ақмола облысының үздік спорт журналисі – 2005, 2014

Акмолинская правда газетінің тілшісі

 

Владимир Владимирович 2019 жылы 30 желтоқсанда өмірден өтті.

 

Introduction