magjan.kz web-порталының ашылуы
03.03.2018Құрметті пайдаланушылар!
Сіздерге Ақмола облысының әкімі М.Мырзалиннің бастамасымен, «М.Жұмабаев атындағы Ақмола облыстық әмбебап ғылыми кітапханасының» «Тұлға» және «Ұлы есімдер – ұрпақ жадында» жобалары базасымен облыстық тарихи-әдеби «magjan.kz» порталының ашылғандығы жөнінде асыға хабарлаймыз.
Бұл Web-жобаның беттерінде біз Сіздерге Ақмола облысының мәдени өмірі, тарихы мен әдебиеті, жер-су аттары мен олардың шығу тарихы, аңыз-әңгімелері мен ән-күйлері, жас дарындары, спортшылары жайында айтамыз.
Порталда жазушылар мен оқырмандарды байланыстыратын тамаша шығармалар тобын ұсынамыз.
Өз өлкесінің салт-дәстүрін, тарихын, танымал тұлғаларын танығысы, білгісі келетін, бұған қызығушылық танытатындарға портал үлкен көмек бола алады.